Авторлық оқу контентін әзірлейтін ұстаз

Авторлық оқу контентін әзірлейтін ұстаз

Описание вакансии

InfoLesson.kz маркетплейсі оқу материалдарын онлайн форматта әзірлеп, өз бетінше жұмыс істеуге дайын авторды ынтымақтастыққа шақырады. Жұмыс форматы толықтай қашықтан жүзеге асырылады.

Автор платформадағы “Білім базасындағы” ақпараттармен танысып және қалауы бойынша “Авторлар мектебі” курсын тегін өтіп, материал әзірлеуді өз ыңғайына қарай бастайды.

Ынтымақтастық тиімділігі:

  • Білім мен авторлық оқу материалдарын монетизациялау мүмкіндігі.

  • Кәсіби байланыстарды кеңейту және әріптестермен тәжірибе алмасу.

  • Бір мектеп шеңберінен шығып, мыңдаған әріптестерге көмектесу мүмкіндігі.

  • Педагогикалық қауымдастық арасында жеке брендті дамыту және танымалдылықты арттыру.

Талаптар:

  • Жоғары білім және білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі;

  • Материалды құрылымды және түсінікті ұсыну қабілеті;

  • Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс дағдылары (Word, PowerPoint, Figma, Canva...).

Міндеттері:

  • Авторлардың білім базасындағы сапа критерийлеріне сәйкес түрлі оқу материалдарын әзірлеу;

  • Дайын материалдарды маркетплейсте жеке кабинет арқылы жүктеу;

  • Жүктелген материалдардың сапасын және өзектілігін сақтау.

Шарттар:

  • Онлайн форматта жұмыс істеу және еркін жұмыс кестесі;

  • Материал сатылымынан табыс алу мүмкіндігі;

  • Әдістемелік және техникалық қолдау;

  • Белсенді авторларға арналған ынталандыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

Навыки
  • MS Word
  • MS PowerPoint
  • Figma
  • Оформление контента
  • Публикация контента
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию